Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Өкінішке қарай, өңірімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық тыйылар емес. Полицейлерден көмек сұрайтындар қатары өсіп келеді. Үй тиранына тосқауыл бар. Ең бастысы әлімжеттікке төзбеу керек. Бірден полиция шақыртыңыз. Далада қалмайсыз, дейді инспекторлар. Ақтөбеде қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары бар. Қазір жүздеген әйел бала-шағасымен сол орталықтарды паналап отыр. "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты да осы. Үй тиранын жазаға тарту, қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды қолдау. "Тұрмыс" профилактикалық шарасы барысында дивиантты мінез-құлықты жасөспірімдер де тексеріледі. Жастайынан құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірімдерге қадағалау күшеймек. Мәселен, беймезгіл уақытта көше кезіп жүрген бала 2 немесе одан да көп рет ұсталса, жасөспірімнің отбасы, мектебі, араласатын достары да назарға алынады.Қоғамдағы зорлық-зомбылықты жою тақырыбы өзекті болып қала береді. Қазір облыс бойынша 5 мыңға жуық отбасы тұрмыстық мәселе бойынша есепте тұр. Мемлекет басшысы елімізде отбасын қорғау мен қолдаудың тұтас жүйесін құру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттігін айтып, заң мен бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
Количество показов: 270
Дата создания: 15.01.2024 21:34:13