Отбасылық дәрігерлердің мәртебесі артады
Енді терапевт пен педиатрдың міндеті жалпы тәжірибе дәрігеріне жүктеледі. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай жаңашылдық денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы маусымдағы бұйрығымен енгізіліп отыр. Әзірге- бұл қанат қақты жоба ретінде жүзеге асырылып жатқанымен, халықтың арасында түсініспеушілік туындап отыр. Қала бойынша жобаға қазір 3 қалалық емхана қатысуда. Емдеу мекемелерінің терапевт және педиатр дәрігерлері біліктіліктерін арттыру курстарынан өткен. Аудандардың арасында әзірге Алға, Әйтеке би және Шалқар бар. Ақ халаттылардың түсіндіруінше, жалпы дәрігерлік тәжірибе немесе отбасылық медицинаның жолға қойылуы үлкен мүмкіндіктер бермек. Бұл-шетелдік денсаулық сақтау саласында жақсы жолға қойылған. Артықшылықтың бірі - отбасылық дәрігер өзіне бекі-тіл-ген отбасының барлық мүшесінің денсаулығы үшін жауапкершілік алады. Отбасылық дәрігерлері бар емха-на-ларға бөбектерді балалар бөлімінен - жасөспірімдер бөлмесіне, одан учаскелік терапевтке көшіріп, қолдан-қолға өткізудің қажеттілігі жоқ. Нәресте туылған кезінен бастап, есейіп, қартайған шағына дейін бір дәрігердің бақылауында жүреді. Өзіне қарасты отбасы мүшелерінің қайсысы қа-шан, немен ауырғаны туралы толық мәлімет дәрігердің қолында болады. Олардың денсаулық жағдайын бес саусағындай біледі. Бұл туберкулез, СПИД сияқты әлеуметтік кеселдерге қатысты проблемаларды жедел шешуге оңтайлы. Келіншектерге жүктілік пен босану туралы түсінік беруде де отбасылық дәрігердің мүмкіншілігі мол деп түсіндіреді дәрігерлер. Отбасылық дәрігерлік кәсіп денсаулық сақтау-дың бастапқы буынынан ойып орын алуы үшін әлі де уақыт керек екенін дәрігерлер жасырмайды. Оның басты себебі- халықтың түсініспеушілігі болып отыр. Әсіресе, бұрынғы ескі жүйе-ге үйре-ніп қалғандар бір дәрігер еңбекте-ген бала-дан еңкейген қарттың денсаулығына қалай қарайды дейтіндер. Отбасылық дәрігерлердің негізгі міндеттері - атеросклероз, метоболистік дерт, артық салмақ, онкологиялық патология, жүрек-қан тамырлары ауруы бойынша ем-дом көрсетуі тиіс. Қазір қаламыздағы №1 қалалық емханада 9 учаске бойынша жалпы тәжірибедегі дәрігерлер халыққа қызмет көрсетеді. |
Количество показов: 3576
Дата создания: 28.06.2013 18:16:25