Отандық өндірушілерге жұмыртқа бағасын реттеу тапсырылды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елде жұмыртқа бағасының көтерілуін негізсіз деп тапты. Баға нарықтағы сұранысқа сай емес. Сөз байласу арқылы қымбаттатылған. Егер өндірушілер жағдайды реттемесе, тексеру жүргізілетіні белгілі болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елде 13 құс фабрикасының жұмыртқа өндірісінде сөз байласу арқылы баға көтергендіктерін анықтады. Соңғы екі айда жұмыртқа құны 11,5 пайызға қымбаттаған. Облыс орталығында супермаркеттердің өзінде баға 362 теңгеден 400 теңгеге дейін барады. Ал, шағын дүкендер мен базарларда 450 теңгеден асып кетті. Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті қызметкерлерінің дерегінше, жергілікті жұмыртқа өндіруші өзіне тиімді бағамен өнімін өзге өңірлерге жөнелтуді жөн деп санаған. Ал ақтөбеліктер Ресей және елдің өзге аймақтарынан түсіп жатқан жұмыртқаларды қымбатқа сатып алуға мәжбүр болды.
Жергілікті тауар өндірушілер жұмыртқа бағасын төмен ұстап тұру үшін мемлекеттен субсидия алған екен. Дүкен сөрелеріндегі бағаны көтеруге себеп болмаған. Енді бақылаушы департамент мамандары тауық фермаларының қожайындарына 30 күн ішінде бағаны қалпына келтіруді міндеттеп отыр.
Количество показов: 608
Дата создания: 11.03.2021 18:33:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>