Осы айда облыста 4 адам коронавирустан көз жұмды
Облыстағы эпиджағдай күрделеніп, коронавирус күн сайын күш алып бара жатыр. Соңғы тәулікте жиырмаға жуық адам КВИ жұқтырған.
Ал соңғы 5 тәулікте коронавирус індетін жұқтыру бойынша 70 жағдай тіркелген. Қыркүйек айынан бері облыста 650 адамнан КВИ анықталды. Оның 81-і 18 жасқа дейінгі балалар. Ал оқушылар арасында 33 жағдай тіркелді. Коронавирус жұқтырған оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқитындар. Бүгінде үй карантиніндегі 421 адам медициналық бақылауда. Сондай-ақ, қаңтар айында облыстың 4 тұрғыны коронавирус инфекциясынан көз жұмды.Сондай-ақ, облыста жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырғандар қатары көбейген. Белгілі болғандай, 7 күнде 500-ден аса жағдай тіркелген. Олардың көбі - балалар.
Айта кетейік, облыс бойынша былтыр қазан айында-72, қарашада-167, желтоқсанда-202 адамнан КВИ анықталса, биыл қаңтардың 21-іне дейін 178 адам коронавирус жұқтырды. Сондай-ақ, пневмония бойынша қаңтар айында 85 жағдай тіркелді. Ал тамыз айынан бері 1000-нан аса адамнан пневмония анықталды. Біздің өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "жасыл" аймақта.
Количество показов: 652
Дата создания: 22.01.2021 19:57:40