Орыс-қазақ халықаралық университеті жанынан виртуалды университет ашылуы мүмкін
Ақтөбелік студенттер үшін жаңа мүмкіндік туғалы тұр. Бүгін Польшадан келген өкілдер виртуалды университет жобасын кеңінен таныстырды. Жоба құны 50 млн доллар. Польшадағы дәулеті тасыған тұлғалардың бірі Макар Стасяк Ақтөбеде. Лодз гуманитарлық- экономикалық академиясының құрылтайшысы еліміздегі Польша елшісі Мечислав Лапановскимен бірге келу мақсаттарын кеңінен түсіндірді. Ең алдымен меймандар облыс әкімінің орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесті. Орыс- қазақ халықаралық университеті жанынан виртуалды университет ашуды ұсынған. Жобаның құны 50 млн доллар. Польшадан арнайы келген инвестордың айтуынша, елімізде Қарағанды және Ақтөбеге туғалы тұр бұл мүмкіндік. Польша техникалық университеті мен Ақтөбедегі орыс- қазақ халықаралық университеті арасындағы әріптестік қарым - қатынас тығыз дейді оқу орны өкілдері. Егер виртуалды университет ашу мақұлданса, өңірімізден Польшаға делегация барып тәжірибе алмаспақ. Еліміздегі Польша елшісі Мечислав Лапановскидің айтуынша, виртуалды университет студенттердің өзін - өзі дамытуы үшін аса қажет жаңа технология. Польша инвесторлары қазан айында осы мәселе бойынша тағы бір мәрте Ақтөбеге келуді жоспарлап отыр. |
Количество показов: 2887
Дата создания: 22.08.2013 18:06:06