Шаһардағы тұрақтандыру қорының көкөніс қоймаларындағы қысқы азық бұзыла қоймаған. Бүгін Қонаев көшесінде орналасқан "Ақтөбе-көкөніс" қоймасындағы картоп, жуа, қырыққабаттың сақталуын тағы бір мәрте қараған мамандар қорға салынған өнім жазға дейін молынан жетуі керек деп отыр. Былтыр өнім мұнда өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге көп салынған. Өңірлік тұрақтандыру қорына өнімдер былтыр қараша айында түскен. Ақтөбелік шаруалар қорға 3 мың 600 тоннадан астам көкөніс жеткізген. Бұл көкөністер "Табыс" коммуналды базарында, 18 шағын базар мен екі әлеуметтік дүкенде сатылады. Сондай-ақ, өткен айдан бастап екі ірі супермаркет желілерінің 28 нүктесіне түсіп жатыр.
Қоймадағы өнімдер сәуір айына дейін сақталады. Көкөністердің басым бөлігі "СХФ Пригородный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімі. Сондай-ақ жергілікті шаруалар картоптың "Гала", "Санте", "Анна патшайым" секілді сұрыптарын өсірген. "Болат ЛТД" және "Еламан -2014" қожалықтары қорға 200 тоннадан картоп тапсырған. Сондай-ақ, көкөністерді қаланың әр бөлігінде орналасқан "Халық сауда" дүкендерінен сатып алуға болады. Ал өнімдердің сапасына байланысты жұртшылықтың пікірімен мұндағылар таныс болып шықты. Мамандар қоймада көкөніс сақтау технологиясында еш кінәрат жоқтығын айтады.
Количество показов: 732
Дата создания: 03.02.2021 18:49:29
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>