Оптимист деген кім?
Өмір-оптимистердікі. Ал пессимистер-тек бақылаушы. Бұл қанатты сөздің авторы-француз ғалымы Франсуа Гизо. Жалпы қоғамда жабырқап жүргендеп көп. Күнделікті күйбің тірлік, стресс пен өмірдің ауыртпалығы себеп,-дейді ғалымдар бұған. Шешімін таппаған мәселелер де писсимизмге ұшыратады. Әйтсе де, төңірегімізде бұған қарсы сан алуан ем бар. Тіпті қасиетті Құранда да түңілуге жол бермеу керектігі айтылған. Әр қиындыққа төтеп беріп, барлығын жақсылыққа жору. үміттену, сені-тек мықтылардың қасиеті, дейді ғалымдар. "Шешілмейтін проблема жоқ". "Бәрі де шешіледі". Сауалнамаға қатысқан ақтөбеліктердің дені- оптимист. Тұрғындар сары уаымға салынып, ауру болғанша, әрқашанда жақсы нәрсе ойлап, проблемаға позитивпен қарауға шақырады. Өйткені, бәрі де өткінші. Ғалымдардың зерттеуі бойынша оптимист адамдар пессимистерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді екен. Оптимист адамдардың өмірінде қиыншылықтар болмайды деген де дұрыс емес, мұндай адамдар сынақтарды абыроймен және шыдамдылықпен жеңе біледі. Оларға үнемі таза ойлау, қоршаған ортаға жылылық таныту, әрдайым күлімсіреп, айналасына жақсылық жасау сынды қасиеттер тән.Количество показов: 82
Дата создания: 25.12.2024 07:18:43