«Опель-Вектра» бағанаға соғып, жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр
Мәншүк Мәметова көшесінен шыққан көлік 312-атқыштар дивизиясы даңғылына бұрыла бере, жол жиегіндегі электр бағанына соқты. Жол апаты бүгін таңғы сағат сегіздер шамасында болды. Апатқа ұшыраған "Опель-Вектраны" 18 жастағы жігіт тізгіндеген. Облыстық ІІД тергеу басқармасының аға қызметкері Эльмира Сулиханованың айтуынша, көлікте жүргізушіден басқа жолаушы болмаған. Ауыр жарақат алған жас жігіт облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жол сақшыларының айтуынша, жігіт рөлге ие бола алмай апатқа жол беруі мүмкін. Соңғы уақытта мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. |
Количество показов: 2676
Дата создания: 21.08.2012 18:59:55