Қонаев көшесінде орналасқан қонақ үй кешенінде күзетші өлтірілді
Қонаев көшесінде орналасқан қонақ үй кешенінде күзетші өлтірілді. Пышақ жарақатынан көз жұмған 29 жастағы жігіттің денесі мейманхана дәлізінен табылған. Қылмысқа күдіктілердің бірі қамауға алынды. Ал, екіншісін полиция іздестіріп жатыр.Белгілісі, кісі қанын мойнына жүктегендердің екеуі де 16 жаста. Және екеуі де Қобда ауданының тумалары. Осы аптада полиция ұзақ уақыт қарақшылық жолмен ақша тауып келген қылмыстық топтың екі мүшесін қолға түсірді. Тағы біреуіне іздеу жарияланды. 23-25 жастағы жігіттер биыл қаңтар айында Мясоедов көшесінде оралдық кәсіпкерге шабуыл жасау арқылы оның 2,5 миллион рублін тартып алған. Ал, былтыр желтоқсан айында Есет батыр көшесіндегі "Жанар" сауда үйінде орналасқан ақша айырбастау бекетінен кассирді қарумен қорқыту арқылы 700 мың теңге, 440 евро, 700 АҚШ доллары мен 20 мың ресей рублін алып кеткен. Қылмыстық топ шабуылға тыңғылықты дайындалатын болған. Шебер ұйымдастырушылық қабілеті бар 25-жастағы жігіт сыбайластарына міндеттерін бөліп беріп отырған. |
Количество показов: 2012
Дата создания: 19.03.2013 19:22:10