Облыстың үздік әдіскерлері таңдалды
Облыстың ең үздік әдіскерлері таңдалды. Екі күн бойы өткен байқауда қала мен аудандардан жиналған 25 әдіскер кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ғылыми мақалаға мүдірмей сараптама жасаған қалалық білім бөлімінің әдіскері Раушан Темірханова мен облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Ботагөз Тұрмашова бірінші орынды жеңіп алды. Раушан Темірханова қалалық білім бөлімінің әдіскері. Бұл салада 5 жылдан бері жұмыс жасайды. Байқауда семинар өткізумен қатар өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білді. Тәжірибелі маман облыстық әдістемелік орталықтың әдіскері Ботагөз Тұрмашовамен тең түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Жыл сайын өткізілетін байқауға биыл өзгешеліктер енгізілген. Қатысушылар өздеріне берілген ғылыми мақалалармен сол жерде танысып, сараптама жасаған. Аудандық кезеңдегі тапсырмалардан сүрінбей өтіп, оза шапқан әдіскерлер облыстық кезеңде өз бақтарын сынауға мүмкіндік алған. Өздерінің озық әдістерін көрсетіп қана қоймай, білім беру ұйымдарындағы жаңашылдықты қолдаудың деңгейін, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу формаларын зерттеу және ендіру бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын зерделеуге және бағалауға тырысты. Үздіктер қатарында Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Ешкеева мен Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Самал Нұралина да бар. Темір, Ойыл, Мәртөк, Байғанин аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері алғыс хаттармен марапатталды. Қалалық техникалық шығармашылық орталығынан қатысқан қосымша білім беру педагогы Жайнагүл Қайралапова арнайы сыйлық алды. Ал, жеңімпаздар Алматы қаласында 30-31 қазан аралығында өтетін республикалық "Жыл әдіскері" байқауына жолдама алды. Облыс бойынша 1 мың 111 әдіскер болса, жалпы педагогтар саны 16 мыңнан асады. |
Количество показов: 2394
Дата создания: 19.09.2013 18:44:12