Облыстық ТЖД: Өңірде суға кету қаупі жоқ
Аймақты су басу қауіпі жоқ. Әзірге жағдай тұрақты. Дегесе де, су тасқынының алдын алуға барлық күш жұмылдырылды. Барлық техника сақадай сай тұр. Өңірдегі қазіргі жағдай туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбат Жаңабергенов айтып берді. Департаменттің 3600-ден астам қызметкері, 1 мың техникасы, 100-ден көп қайық, 440 мотопомпасы дайын.Қазір Ақтөбе қаласы мен 12 аудандағы өзендерде мұз жару жұмысы жалғасып жатыр. Алда Алға, Әйтеке би аудандарында жүргізіледі. Ал, су басуға қатысты екі жағдай тіркелген. Шалқар ауданы мен облыс орталығындағы көшелерге су толды деген ақпар келіп түскен. Бірден арнайы техника жіберіліп, қауіптің алды алынды дейді мамандар. 17-наурызда аймаққа Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан күштік құрылым жетеді. 100-ге жуық адам мен 30-дан астам техника келеді. Ал, кешеден бері 7 ауданға облыс орталығынан қосымша күштік құрылым жіберіліп жатыр. Жер аяғы кеңіп, судан қауіп сейілгенше құтқарушылар сол жақта болады.
Аймақта су тасқынына қарсы штаб құрылып, үздіксіз жұмыс режимі енгізілді. Қаланың әр бөлігінде еріген қар суын төгуге арналған арнайы учаскелер бар. 109 нөміріне хабарласып, өтініш беруге болады. Су айдау немесе инертті материалдарды жеткізу хабарламасын комиссия тексеріп, көмек беріледі. Штабтардың байланыс нөмірлері экрандағы суреттерде көрсетілген.
Количество показов: 10
Дата создания: 14.03.2025 10:13:36