Қаладан қар толассыз шығарылып жатыр
Қаланың басты көшелері мен су басу қауіпі жоғары деп саналған тұрғын алаптарында техника толассыз қызмет етуде.Жүк көліктері күндіз-түні қар шығарып жүр. Олардың қатарына енді ассенизаторлар қосылды. Ал, қаланың қосалқы көшелеріндегі жағдай мәз емес. Қар мен су араласып, көліктің де, жаяудың да жүруіне кедергі. Солардың бірі - Новаторов көшесі.Новаторов көшесінің тұрғыны Асланбек Аланов биыл ауламызға су анық кіреді деп отыр. Себебі, бұл көшеге қыс бойы бірде-бір техника бас сұқпаған. Ал, жалғыз басты Любовь әжей қар, сумен өзі арпалысып жатыр.
Қосалқы көшелердегі жағдай қала бойынша бірдей. Толассыз жауған қар толып, кейін күн күрт жылынып, жолда жүру мүмкін болмай қалды. Жағдайды біліп келіп тұрған жауаптылар да жоқ. Тұрғындардың өздері хабарласса, еститін жауабымыз бір дейді. "Техника тапшы". Су басу қаупі бар аудандарда жүрміз. Енді қалған тұрғынға қайтпек керек?
Количество показов: 9
Дата создания: 14.03.2025 10:16:08