Облыстық тарихи-өлкетану музейі жаңа жәдігерлермен толықты
Ақын Қуандық Шаңғытбаевтың шапаны, Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықовтың папкісі, сирек кітаптар. Бұлардың бәрі бүгін облыстық өнер музейінде көпшілікке көрсетілді. Заттарды "Жәдігер жерде қалмасын" акциясы кезінде қала тұрғындары музейге әкеліп тапсырған. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры бір жылдың ішінде мыңнан астам затпен толықты. Қала тұрғыны Мақпал Сқақова тұрмыста қолданылған басқұр алашасын, ал Марина Карпенко көне есеп машинкасын, ырғыздықтар ет табақ, шекпен, оқшонтай секілді ескі тұрмыстық киімдер мен бұйымдарды сыйлаған. Осы музейдің бұрынғы қызметкері Рысты Досова бүгін ағасының мектепті бітірген кезде алған аттестатын тапсырды.
90 жылға жуық тарихы бар музейдің қорында қазір 109 мыңнан астам экспонат бар. Оның 80 пайызы халық сыйлаған дүниелер. Бұл жәдігерлердің бәрі жаңа музей ашылған соң, экспозицияға қойылады. "Ақтөбе-Дарын" орталығы басып шығарған алтын кітап та музей жәдігерлері қатарына қосылды.
Количество показов: 1782
Дата создания: 16.05.2017 18:10:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>