Облыстық ІІД қоғамдық кеңес мүшелері полицияның кінәсіздігіне сенімді
Облыстық ІІД-нің қоғамдық кеңес мүшелері тәртіп сақшыларының кінәсіздігіне сенімді. Әңгіме белгісіз біреулерден таяқ жеген ақтөбелік ардагер палуан Нұржан Қарабалинге қатысты. Қоғамдық кеңес мүшелері болған оқиғаға қатысты облыстық ІІД-де жиналған іс материалдарымен танысып шыққан. Бүгін олар журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді. 55 жастағы ардагер палуан, әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Нұржан Қарабалиннің соққыға жығылып, ауруханада жатқанын бұған дейін де хабарладық. Әріптестері кеше республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз мәслихатын өткізіп, оны тәртіп сақшыларынан таяқ жеді деп мәлімдеді. Ал облыстық ІІД-і болса полиция қызметкерлерінің кінәсіздігіне дәлел ретінде қолда бар айғақ заттарды алға тартып отыр. Соның бірі оқиға орын алған 24 наурыз күні түсірілген бейнекөрініс. Бұл бейнекөрініс бүгін облыстық ІІД-нің қоғамдық кеңес мүшелері өткізген жиын барысында көрсетілді. Құқық қорғаушылар палуанның полиция қолына түспес бұрын соққыға жығылғанына осы бейнежазба дәлел бола алады деп отыр. |
Количество показов: 2170
Дата создания: 02.04.2013 18:46:31