Облыстың бас имамына пәтер берілді
Мешіттерге діни білімі бар сауатты имамдар ауадай қажет. Бұл мәселені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сан мәрте көтерді. Халықтың бұрыс ағымның жетегінде кетпеуін көздеген басқарма басындағылар бірінші кезекте имамдардың біліктілігін арттыруға назар аудару керектігін айтқан болатын. Қала мен аудандардағы мешіттердің имамдарымен кездесуі кезінде облыс басшысы бұл мәселені тағы да көтерді. Рамазан айында мұсылман жұртшылықты игі шаралар күтіп тұр деді облыс әкімі. Қаланың ескі бөлігіндегі көне мешіт жаңа кейіпте пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек Әйтеке би ауданында және Қобда ауданының Әлия ауылында мешіттер іске қосылады. Қазір облыста 64 мешіт бар. Жұма күні кешке Архимед Мұхамбетов "Нұр ғасыр" орталық мешітінде ауыз бекіткен 150 адамға ауызашар берді. Рамазан айымен құттықтады. Рамазан айында үш бірдей имамға пәтер сертификатын табыстады. Қызметтік баспана ҚМДБ-ның Ақтөбедегі өкіл-имамы Әбдімүтәлі Дауренбековке, облыстық орталық мешіттің наиб-имамы Сансызбай Шоқановқа және қалалық мешіттің имамы Бақытбек Тәшімбетовтерге берілді. |
Количество показов: 2784
Дата создания: 06.08.2012 18:52:24