Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы бірнеше елді мекенде құс тұмауы өршіп тұр. Үй құстарына індет жабайы қанаттылардан тараған. Ақтөбеде ахуал тұрақты. Құс тұмауы тіркелген жоқ. Жан-жақтан ұшып келетін жабайы құстардың көшіп-қону маусымына әлі ерте. Сондықтан облыс аумағында 5-ші қыркүйек пен 30- қараша аралығында өтетін құс аулау маусымына тыйым салынған жоқ дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары. Құс тұмауы еліміздің солтүстік өңірлерінде өршіп тұр. Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында құс өнімдерін сыртқа тасымалдауға қатаң тыйым салынған. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, аталған облыстардың 47 ауылында 41 мыңнан аса құс қырылып қалған. Жеке үйлерде 13 мыңға жуық қанаттылар өлген. Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл құс фабрикасында 180 мыңнан аса мекиен тауықтары қырылған. Аталған облыста құс тұмауына байланысты карантин енгізілген. Дегенмен біздің өңірде жағдай тұрақты. Құс тұмауы тіркелмеген. Жабайы құстардың көші-қон маусымы басталмағандықтан қанаттыларды аулау науқанына тыйым салынбаған.
"Ауру жұқтырған құстардан адамдардың тұмауды жұқтыруы сирек кездеседі, дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев. Оның сөзінше, құс етінен немесе жұмыртқадан адамға вирус жұқпайды. Елде азаматтардың құс тұмауын жұқтыру деректері тіркелмеген. Солтүстік Қазақстандағы жағдайға байланысты ел аумағындағы сауда орындарында құс еті мен өнімдерін сатуға бақылау күшейтілді. Ветеринарлық анықтамалар мен құжаттардың бәрі тексеріледі. Құс аулау маусымы өңірде 5-ші қыркүйек пен 30- қараша аралығында жүргізіледі. Бұл аралықта арнайы қорғалатын аумақтардан өзге жерлерде құстың барлық түрін аулауға, атуға рұқсат етіледі.
Количество показов: 763
Дата создания: 22.09.2020 18:33:21
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>