Карантин облыста тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысына еш кедергі келтіріп жатқан жоқ. Ғимараттар тұрғызу жұмыстары бәсеңдемейді. Керісінше, жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қарқынды жүріп жатыр, дейді қала құрылысына жауапты мекеме өкілдері. Құрылыспен айналысып жатқан компаниялардың жұмысшылары, техникалары "Сергек" ақпараттар базасына енгізілген. Құрылыс материалдары облысқа үздіксіз жеткізіліп тұр. Биылғы жоспар бойынша барлық қаржы көздерін пайдалана отырып, 1 миллион шаршы метрден артық тұрғын үй салу көзделген. Бұл 9000 пәтер. Құрылыс жұмыстарының көлемі 214,9 миллиард теңгеге жетеді. Осы жылы жалға берілетін үйлер құрылысына республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге мақсатты трансферт қарастырылып жатыр. 534 пәтер салынады деген жоспар бар. 1,01 миллиард теңгеге 122 мұқтаж, көпбалалы отбасына пәтерлер сатып алынады.
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салу үшін берілетін жерлерге 563 шақырым инженерлік-коммуникациялық желілер тартылады. Бұлар электр желісі мен газ, су құбырлары. Әлеуметтік, коммуналдық, кәсіпкерлік, мемлекеттік және ауылшаруашылық салаларында 98 ірі жоба биыл жүзеге асырылады деген жоспар бар. Оған 31,9 миллиард теңге қаржы жұмсалады. Облыс әкімінің тапсырмасымен 10 шағын дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғызылуы керек. Жабық жеңіл атлетика манежі мен Бөкенбай батыр даңғылындағы IT-орталық құрылысы аяқталып, осы жылы пайдалануға берілуі керек. Облыстық перинаталдық орталық құрылысы 75 пайызға аяқталып тұр. Тамыз айында ашылуы тиіс.
Количество показов: 999
Дата создания: 21.04.2020 17:53:10
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>