Облыста КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 37 мыңнан асты
Өңір "жасыл" аймаққа өткен тәулікте өтті. Соған сай біраз мекемелердің "Ашық" қосымшасы бойынша жұмыс жасауына рұқсат етілген. Дегенмен өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің айтуынша, алдымен қатаң шектеуді тұрғындардың өздері сақтағаны абзал. Бей-берекетсіз жиындарда бас қосу аурудың өршуіне әкеліп соғуы ықтимал. Өткен жылдан бері коронавирусты 11 мың 110 ақтөбелік жұқтырып үлгерген.
Көп жағдайда вирус жергілікті тұрғындарға бір-бірінен жұққан. 17 пайызында ғана ақтөбеліктер ауруды сырттан алып келген. 10 мыңнан аса ақтөбелік сырқатынан құлан-таза жазылған. Бақилық болған жерлестеріміз де бар. Қайтыс болғандардың көбі ауруханада көз жұмған.
Мобильді топтардың тексеруі негізінде карантин талаптарын бұзған 49 жеке тұлғаға айыппұл салынған. Өтелген айыппұл сомасы 51 млн теңгеден асады. 3412 адам үй карантинінде отыр. Ал, жеткізілген 156 мың бірлік вакцинаның бірінші компоненті 79 мың тұрғынға салынған. 37 мың 877 ақтөбелік вакцинаның екі компонентін де алған. Ауруханаларда қазір егіліп жатқандары "Спутник Ви", "КазВак", "ХаятВак" препараттары.
Количество показов: 620
Дата создания: 28.05.2021 19:07:46