Облыста коронавирустың тарау көрсеткіші төмендеген
Облыста коронавирустың тіркелу көрсеткіші біршама төмендеген. Соңғы бес тәуліктегі өсім 0,2 %-ды құрайды. Кеше 20 ақтөбеліктің ағзасынан инфекция табылған. 53 тұрғын оқшауланды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев мәлімдеді. "Індет тарауының төмендеу қарқыны бар, бірақ жағдай әлі толық тұрақтанған жоқ" деді брифингте мекеме өкілі. Жұлдыз Мейірханова сабақтайды. Маусым айы басталғалы өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері біршама азайған. Тіпті осы аптада бірде-бір көрсеткіш тіркелмеген күн де болыпты. Дегенмен, мамандар "арқаны кеңге салуға" әлі ерте дейді. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, бетперде киіп жүру қажет. Антисептик қолдануды да ұмытпаған абзал.
Былтыр күз айынан бері 2038 ақтөбеліктің өкпесі қабынған. Кеше ауруы асқынған 10 тұрғын үйіне жедел жәрдем шақыртқан. Өздігінен тыныс алуы қиындағандар ауруханаға жатқызылған. Облыс бойынша 139 мың тұрғын коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. 1-ші компонент бойынша 94 мың адам. Екінші рет 45 мың ақтөбелік денелеріне екпе салдырған. Қазіргі таңда емханаларда вакцина түрлеріне таңдау көп. "Спутник Ви", "КазВак", "Хаят" екпелерін кез келгенін қабылдауға болады.
Количество показов: 608
Дата создания: 11.06.2021 18:14:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>