Облысымызда коронавирус жұқтырғандар саны жеті адамға жетті. Кеше екі жағдай тіркелді. Вирус ерлі-зайыптылардан анықталды. Іссапардан келген ерінен індетті әйелі қабылдап алған. Екеуі облыстық инфекциялық аурухананың арнайы бокстарына салынды. Олармен байланыста болған 56 адам да карантинге алынды. Отбасы тұратын көп қатарлы тұрғын үй толық оқшауланды. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. 1-ші сәуір күні өзін жайсыз сезінген ер адам емханаға өздігімен жүгінген. Сол жерде оқшауланып, жедел жәрдем көлігімен провизорлық госпитальге жеткізілді. Алынған сынама нәтижесі кеше белгілі болды. Індет жұқтырғаны расталған ер адамның жұбайынан алынған сынама да оң нәтиже көрсетті. Екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жеке бокстарына салынған. Олармен байланыста болған 56 адам анықталып, карантинге алынды. Ал отбасы тұрған үй қоршалды.
Отбасымен бір подъезде тұратын көршілеріне екі апта бойы пәтерлерінен шығуларына болмайды. Ал қалған 13 подъез тұрғындарына бірқатар шектеулер қойылды. Адамдар аса қажет уақытта тысқа шыға алады, жұмыстарына барып келе алады. Өңірде індет жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев тұрғындардың төтенше жағдай талаптарына бағынуын кезекті рет ескертті.
Количество показов: 760
Дата создания: 03.04.2020 18:31:52
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>