Облыста коронавирус індеті өршіп кетті
Ковид күшейіп барады. Облыста өткен тәулікте індет жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді. Қауіпті вирус ПТР тест арқылы 226 адамның ағзасынан анықталды. Осылайша пандемия басталғалы облыста ауырғандардың саны 8279 адамға жетті. Короновирус пен пневмониядан 79 ақтөбелік қайтыс болған. Ал көптің көкейінде жүрген локдаун мәселесіне келсек, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева барлығы уақыттың еншісінде екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол Рамазан айында топталып ауызашарға баруға немесе үйіне сырттан адам шақыруға болмайтынын ескертті. Биыл облыста "Спутник V" вакцинасын 37 278 адам қабылдады. Оның 6 мыңнан астамы екі компонентін де алған. Ал отандық вакцинаның 1-ші партиясы 26 сәуірден кейін жеткізілетін болады.
Количество показов: 713
Дата создания: 23.04.2021 18:19:28