Облыста коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Коронавирустық инфекцияның күнделікті өсу көрсеткіші өңірде 0,1-0,3 пайыз аралығында. Бұл эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін көрсетеді. Егер бір- екі күнде жағдай осы қалыпта тұрса, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері шектеу шараларын бәсеңдету жөнінде жаңа қаулы шығарады. Ол қаулы бойынша бала саны 300- ден аспайтын мектептер екінші тоқсанда дәстүрлі оқуға көшуі әбден мүмкін. Мектептер қалыпты оқу жүйесіне көшкен жағдайда да ол жерлерде эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Шекара бекеттерінде тәртіп күшейтілген. Соңғы үш- төрт күнде облыс аумағы арқылы өзге елдерге өткен жолаушылардың арасынан 18 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Соңғы дерек бойынша облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа 7 жағдайы тіркелді. Олардың екеуі Беларуссия мен Қазаннан жүк таситын жолаушылар болып шықты.
Количество показов: 763
Дата создания: 11.11.2020 18:28:29