Облыста коронавирусқа қатысты ахуал тұрақты
Карантинге салынғандардың барлығы вирус тарап кеткен мемлекеттерге барып келгендер. Ақтөбеде қазір авто өткізу бекеттеріне дейін тексеріліп жатыр. Мәселен, кеше бекеттерден 647 адам өткен. Ақтөбеге ауру келіп жатса науқастарды қабылдайтын орындар, дәрігерлер, медициналық препараттар, құрал-саймандар сақадай сай, дейді Әсет Қалиев. Инфекциялық ауруханада вирус жұқтырғандарды жатқызатын 130 кереует бар. 200 кереует карантинге арналған. 500-дейі обсервациялық кереует. Әр аудан 50 кереуеттен бөлуге қауқарлы.
Коронавирусты анықтау үшін экспресс-тестілеу жүргізіледі. Бұл инфекциялық ауруханада клиникалық көрсеткіштер бойынша карантинге алынған адамдарға ғана жасалады. Экспресс-тест нәтижесін тағы бір қайтара тексерту үшін Алматыдағы "Референс" зертханасына жөнелтіледі. Ақырғы нәтиже сол жақтан келеді. Экспресс-тесттер дәріханаларда еркін саудада жоқ. Яғни, кез-келген адам бұл тестті өзіне жасай алмайды. Жалпы, өзінен күдіктенген адамның үй жағдайында емделуіне қатаң тиым салынады. Бірақ, өз денсаулығын тексертіп аламын деушілер жеке клиникаларда ақылы сараптама қызметіне жүгіне алады. Қазір дәріханаларда респираторлық вирусты инфекцияларға қарсы дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Әсіресе дәріханаларда маскалармен бірге парацетамол да жоғалып жатыр. Бетперделерге қатысты жағдай қиындау.Мынадайды көріп отырып, қараша халық шошиды әрине. Жатсақ та, тұрсақ та бетімізден масқа шешпеуіміз керек екен деп түсінеді. Өзіміз қолдан жасап алған дүрбелеңді баспай, дәрі-дәрмек, гигиеналық тауарлар, бетперделердің сағат санап өсіп жатқан бағасын ешбір маниторингтік тексеріс тоқтата алмайды. Ел бойынша қазір жеңіл өнеркәсіп бетперделер өндірісіне көшкен. Ақтөбеде маска тігумен "ТК Фарм" деген кмпания айналысып жатыр. Күніне өндіріс қуаты 10 мың бетперде. Бөлшек саудаға 1 масканы 80 теңгеге шығарып жатыр. Қазақстанның ішкі нарығына жақын уақыттарда 4,5 миллион маска түседі деген ақпарат бар. Жеке ательелер де қазір ұзақ уақыт қолдануға болатын бетперделер тігумен айналысып жатыр. Ақтөбеде бүгінге дейін тігіншілер еңбек ұжымдарын 12 мың маскамен қамтыған. Дезинфекциялық жұмыстар жолға қойылған. Қалада бұл қызметпен 30 кәсіпорын айналысады. Көп қатарлы тұрғын үйлердің подъездерін дезинфекциялау ПИК-тері, үй басқармаларының мойнында.
Количество показов: 957
Дата создания: 19.03.2020 18:42:11