Облыста карантин күшейді
Өткен тәулікте өңірде 238 тұрғынның ағзасынан ковид жұқпасы табылған. Ауырғандардың дені қазір үй карантиніне алынған. Науқастарға тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігерлер күтім жасап жатыр. Сондай-ақ, 260 бала мен 128 жүкті әйел дәрігердің бақылауына алынған. Барлығы стационарлық ем қабылдап жатыр. Бес келіншектің жағдайы ауыр. Өткен айда коронавирусты жұқтырушылар саны күрт көтерілгендіктен қаладағы бірқатар ауруханаларда орын жетіспеушілігі байқалған. Ақтөбе медицина орталығы, темір жол ауруханасы мен облыстық фтизиопульмонология орталығы 80 %-ға толық. Бірақ дәрі-дәрмек пен аппарат жеткілікті. Айта кетелік, ертеңнен бастап облыста карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Ауруханалар алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.
Количество показов: 618
Дата создания: 02.08.2021 18:01:34