Өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделі. Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 336 жағдайы тіркелді. Оның 268-і қалада. 15 ақтөбеліктен пневмония анықталды. Айта кету керек, вакцина паспортын сатуға жол бермеу мақсатында барлық екпе пункттерінде бейне- бақылау камерасы орнатылатын болады. Тәулік ішінде тіркелген жағдайлардың 81,1 пайызы ересектер, 12,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, 2,08 пайызы жасөспірімдер үлесінде. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 1218 науқас ем алуда. Оның 315-і аудандық ауруханаларда. Айта кету керек, емделушілерің басым бөлігі Қобда, Хромтау, Алға, Байғанин, Мұғалжар ауданының тұрғындары.Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзғандарға қатысты 593 әкімшілік хаттама толтырылды. Эпиджағдай күрделі болса да, қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалар салтанатты іс-шара өткізуін тияр емес. Жағажайлар да жұмыс істеп жатыр. Соңғы апта ішінде карантиндік режимді бұзу бойынша 53 дерек тіркелген. 51 нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, оларға бас-аяғы 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 429 балаға "КОВИД-19" диагнозы қойылған. 17 бала стиционарлық ем қабылдап жатыр. Ал 174 жүкті әйел КВИ диагнозымен бақылауға алынып, 95-і ауруханаға жатқызылған. Өңірде барлық кереует саны 3603. Инфекциялық кереует жүктемесі 65,8 пайызды құрайды.
Пандемия басталғалы өңірде індет жұқтырудың 22 мыңнан астам жағдай тіркелді. 16 011 науқас жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 9081 адам алынған.
Количество показов: 870
Дата создания: 16.08.2021 18:47:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>