Облыста бокстан чемпионат басталды
Бүгін бокстан халықаралық спорт шебері Мәди Шолақовтың құрметіне біріншілік басталды. Оған 9 салмақта жастары 18-ден асқан 30-ға жуық былғары қолғап шебері жиналған. Олардың барлығын аты аңызға айналған Мәди Шолақов жаттықтырады. Халықаралық дәрежедегі боксшы қазір Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжіне қарасты "Айбар" әуесқой- кәсіби бокс кешенінде жаттықтырушы болып жұмыс жасайды. Мәди Шолақовтың атын естігенде елең етпейтін Ақтөбеде спортсүйер қауым жоқтың қасы. Жасы 30-ға жаңа ғана таяп қалған былғары қолғап шебері Мәди қазір Ақтөбе құрылыс- монтаж колледжіне қарасты "Айбар" спорт кешенінде жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Бокс саласында оның жетістіктерін тізбелеу мүмкін емес. Сонда да бірқатарын атап өтсек, 2000 жылы Қарағандыда өткен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жүлдегері, 2006 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2011 жылы Алматы қаласында болған Қазақстан чемпионатында 1 орынды ешкімге бермеген. Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжіне қарасты "Айбар" әуесқой-кәсіби бокс кешенінде Мәдиден басқа тағы екі жаттықтырушы жұмыс жасайды. Аға жаттықтырушы Александр Морозовтың да қоржынында біраз спорт сайыстарының медальдері бар. Аталған колледждің студенттері бос уақытында тегін жаттығатын кешенде футбол, баскетбол, қысқы спорт түрлері үйірмелері ашылған. Мәди Шолақовтың құрметіне бокстан облыстық біріншілік биыл алғаш рет өткізіліп отыр. |
Количество показов: 2226
Дата создания: 22.02.2013 19:28:14