Облыста биыл өндірісте 11 адам қаза тапты
Өткен 9 айда өңірде 45 жазатайым оқиға тіркелген. 11 адам өндіріс орындарында қаза болып, 54 жұмысшы ауыр жарақат алған. Жұмысшылар тарапынан шағым түскен екі зауытта тексеру жүргізіліп, жауаптылар жазаға тартылған. Биылдыққа жұмысшылардан еңбек заңнамаларының бұзылуына қатысты 44 іс түскен. Қазіргі уақытта 25 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылған. Былтырдан бастап басқармада еңбек даулары медиациясы кабинеті жұмыс істейді. Сонымен бірге басқарма көптеген мекемелермен бірге азаматтардың еңбек күшін қорғау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған. Меморандум мақсаты еңбек дауларының алдын-алу, қоғамдағы келіспеушіліктерді азайту, туындаған дауларды сотқа дейін реттеуді көздейді.
Количество показов: 751
Дата создания: 07.10.2020 18:08:14