Алдағы үш жылда облыс өзін-өзі балық өнімдерімен қамтамасыз етуі мүмкін. Ол үшін биылдан бастап "Мұрагер-2022" ірі инвестициялық жобасы қолға алынған. Жоба өңірдің балық шаруашылығы жақсы қолға алынған аудандарында іске асырылмақ. Жылына мың жарым тонна балық өнімдерін өндіру жоспарда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді. Бірер жылдықта өңірде Ырғыздың балықтары қолжетімді болуы мүмкін. Яғни, балық көп әрі бағасы арзан болмақ. Сондай-ақ, балықтан өңдірілген өнімдермен өзімізді ғана емес өзге өңірлерді де қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін өңірде "Мұрагер-2022" атты ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Жоба бойынша үш ауданда балық шаруашылығы екі есеге өседі.
Инвестициялық жобалардың қатарына кірген "Грин-Капитал" ЖШС-гі бар. Биыл 5 мың гектарға жылыжай кешенін тұрғызған. Көкөністер бағасы аса қымбат емес. Серістестік "алқаптан сөреге" әдісі бойынша жұмыс жасап тұр. Піскен көкөністер бірден "Табыс Агро" серіктестігінің төрт дүңгіршегіне жеткізіледі. Ортада делдал жүрмегесін баға өспейді. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 2 мың тонна картоп, 407 тонна сәбіз, 525 тонна пияз, 75 тонна бірінші сұрыпты ұн мен 60 тонна күріш сақтаулы тұр. Тұрақтандыру қорындағы көкөністердің бәрі жергілікті өнімдер. Тек күріш Қызылорда облысынан жеткізілген. Ал қойманы өнімге толтыру үшін бюджеттен 240 миллион теңге бөлінген.
Количество показов: 712
Дата создания: 12.11.2020 17:57:23
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>