Облыс тұрғындары тұмауға қарсы екпе салдыртуда белсенді
Облыс көлемінде тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Сондай-ақ бір жасқа дейінгі балаларға пневмококк жұқпасына қарсы вакцина салынды. Мамандардың айтуынша, алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл тұрғындар тұмауға қарсы екпе салдыруда белсенділік танытып отыр. 3- қыркүйек пен 15- қазан аралығында тұрғындардың 12 пайызына, яғни 88 мың адамға вакцина салу жоспарланған. Қазір 72 мың адам тұмауға қарсы егілді. Сондай-ақ 37 мың балаға пневмококк екпесін салу жоспарланса, бүгінге дейін 2-4 айлық нәрестелер мен 1 жастағы 24 мың бала екпе алды. Ақтөбеде тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты. Десек те, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 1,4 есеге жоғарылаған. Мамандардың айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда биыл ақтөбеліктер екпе алуда белсенділік танытып отыр. 4660 адам ақылы екпе алған. Қазір тұмауға қарсы вакцина алу маңызды. Ал, егер, адам тұмаумен және коронавируспен бір мезгілде сырқаттанса, бұл өмірге қауіпті.
Сондай-ақ, вакцинациялаудың өз тәртібі бар. Белгілі болғандай, ірі компаниялардың бірінің басшылығы пневмококк инфекциясына қарсы вакцина сатып алып, қызметкерлеріне екпе салған.Ал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары мұндай өз бетінше әрекет заңсыз екенін атап өтті. Расталса, жауапкершілік қарастырылған. Мамандар тұмау мен коронавирустың белгілері мен таралу механизмдері бірдей екенін атап өтті. Деніміз сау болу үшін - жақсы демалып, дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану керек.
Количество показов: 830
Дата создания: 08.10.2020 18:21:20
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>