Облыс судьялары алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстарын қортындылады
Былтыр шілдеде сот саласында жаңа процессуалдық заң тармақтары пайда болғаны белгілі. Оған сай дұрыс қаралмаған істер бірінші сатыға қайта жіберілмейді. Облыстық сот шешімді бұзып, оны әрі қарай өз құзырына алып, басынан аяқ қайта қарауға құқылы. Бұл жаңа талап бойынша ел судьялары бір жыл бойы жұмыс жасады. Шыққан нәтиже қандай? Оны бірігіп талқыға салу үшін бүгін кеңейтілген кеңес отырысында бас қосты. Жиынға ҚР Жоғарғы сот судьясы Бауыржан Жұмағұлов та қатысты. Ол да заңға енгізілген өзгерістердің тиімділігін атап өтті. Жоғарғы сот болса елдегі бүтін сот жүйесіне мониторнг, сараптама жасаған уақытта жауапты тікелей облыстық соттың төрағасынан алады. Сондықтан бұл ретте облыстық сот төрағасы қарамағындағы судьяларға сілтеп жібере алмайды. Бар жауапкершілік өзінде. Ақтөбе облысының сот ісін Бауыржан Жұмағұлов жоғары бағалады. Биылғы жарты жыл ішінде облыста 418 қылмыстық іс қаралған. 530 адамға үкім шығарылыпты. Апелляциялық сатыда 1 адамға қатысты үкім бұзылды. 32 адамға үкім өзгертілген. |
Количество показов: 1958
Дата создания: 10.07.2013 17:36:24