Облыс құрылысшылары марапатталды
Тамыздың екінші жексенбісі құрылысшылар күні. Осы айтулы датаға орай бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков ақтөбелік құрылысшыларды қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ бірқатар құрылысшылар елеулі еңбектері үшін түрлі алғыс хаттармен марапатталды. Александр Суханов өмірінің 30 жылын құрылыс саласына арнаған. Алпысты алқымдаған ақсақалдың зейнет жасына жеткеніне де жарты жылдан асыпты. Дегенмен білікті маман облыстың құрылыс саласына әлі де үлес қосуға қауқарлы. Ол қазір қаламыздағы белгілі бір құрылыс компанияларының бірінде прораб болып қызмет атқаруда. Бүгін Нұрмұхамбет Әбдібековпен кездесуге 50-ге тарта құрылысшы келді. Араларында Ақтөбеге аты танымал жандармен, ірі құрылыс компанияларының басшылары да бар. Облыс әкімінің бірінші орынбасары алдымен жиналғандарды төл мерекелерімен құттықтап, одан әрі елеулі еңбектерімен көзге түскен құрылысшыларды алғыс хаттармен марапаттады. Облысымызда құрылыс саласы кейінгі жылдары қарқынды дамуда. Өңірімізде осы кәсіпті нәсіп еткен 20 мыңға жуық тұрғын бар. Аймақта 2 мыңнан астам шаруашылық субектілері жұмыс жасайды. Үстіміздегі жылдың өзінде осы саланың өндірген жалпы өнім көлемі 13,2 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға артқан. Тек қана кірпіш өндірісінің өзі 70 пайызға өскен. Инвестицияның басым бөлігі де осы құрылысқа тартылуда.
Қаламызда да соңғы жалдары ірі жобалар жүзеге асып, алып құрылыс нысандары іске қосылды.
|
Количество показов: 2170
Дата создания: 08.08.2013 19:33:05