Облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді
Жаңа қаулыға сәйкес, енді конференциялар, көрме, форум, ойын-сауық, спорттық жиындарға тыйым салынады. Үйде ас беруге, отбасылық салтанат өткізуге мүлде болмайды. Караоке, бар, компьютерлік клубтар, бильярд, жабық балалар алаңдарының, букмекерлік кеңселердің қызметі уақытша тоқтады. Театр, кітапхана, кинотеатрлар қызметі де тоқтатылды. Сондай-ақ, қаулыда алдағы "Рамазан" айында ұжымдық ауызашар өткізуге болмайтындығы жазылған. Қоғамдық тамақтану орындары бүгіннен бастап 30 адамнан артық келушілерді қабылдай алмайды. Жұмыс уақыттары да қысқарды. Дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 7-ден кешкі 10-ға дейін, ал жексенбі күні тамақ алып кету мен жеткізу қызметтерін атқаруға рұқсат берілген. Мерейтойлар мен үйлену тойларын өткізуге қатаң тыйым салынады. Жалпы өңірде жексенбі күні локдаун енгізілген. Бұл күні сауда орталықтары, базарлар мен монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, Спа- орталықтары қызметіне рұқсат жоқ. Бассейндер, фитнес орталықтары сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Количество показов: 653
Дата создания: 31.03.2021 19:23:56