Облыс әкімі журналистерді құттықтады
28-маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Осыған орай бүгін өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Облыстың жеткен биіктері мен табыстарын қалың бұқараға дер кезінде жеткізіп , қоғамдық пікір қалыптастыруға зор үлес қосқан тілшілерді марапаттады. Қазақстанның журналистикасы күні әуелден 10-мамырда атап өтіліп келді. Себебі, 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым «Түркістан уәлаяты» га-зе-тінің алғашқы саны жа-рық көрді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы деп аталды. Осы жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Кейін БАҚ мерекесі күні қайта өзгерді. 2011 жылдың қазанында Қа-зақстан Республикасының Пре-зиденті Нұрсұлтан Назарбаев елі-міздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Соған сәйкес, 28-маусым Байланыс және ақпарат құралдары қыз-мет-керлері күні болып бекітілді. Журналистер қауымын бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Еңбектерін ерекше бағалады. Бүгін облыстың үздік 19 журналисі облыс әкімінің 100 мың теңге сыйақысы алып, алғыс хатпен марапатталды. Еңбегі еленгендер арасында әріптестеріміз, "Факт" ақпараттық бағдарламасының тілшісі Ирина Гудзь бен "Эврика" газетінің тілшісі Сергей Железняктар бар. Облыста 57 БАҚ бар. Республикалық басылымдар мен телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің тілшілер қосыны жұмыс жасайды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарапайым қалың жұртшылық журналистерді қай кезде де қоғамда болып жатқан құбылыстардың сарапшысы ретінде, бұқараның жоғын жоқтаушысы ретінде санайтынын айта келе төртінші билік өкілдерінің қиын да жауапты еңбектеріне табыс тіледі. |
Количество показов: 2467
Дата создания: 26.06.2013 18:39:20