Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді
Биыл жол жөндеу саласында 21,3 млрд теңгеге 100 жобаны іске асыру жоспарланған. Республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңгеге жуық, жергілікті бюджеттен 11 млрд теңге бөлініп отыр. Айта кету керек, 30 жылдан бері қалада аулалар жөндеу көрмеген. Сондықтан биыл 200 аулаға асфальт төселіп, көлік тұрақтары, ойын және спорт алаңқайларымен жабдықталмақ. Халықты сапалы медициналық қызметпен толық қамтамасыз ету үшін биыл жалпы құны 900 млн теңгеден асатын 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда. Үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу үшін 4800 орындық 15 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін олардың 10-ы іске қосылады. Сондай-ақ, облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірде көкөністің бағасының қымбатағанынан хабардар екенін жеткізді. Бағаны тұрақтандыру үшін жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Количество показов: 648
Дата создания: 22.06.2021 18:14:44