Облыс әкімі Оңдасын Оразалин БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады
Өңірдің үздік журналистері "Өнер орталығына" жиналды. Бұл жолы олардың ешқайсысы да әлдебір ақпаратты халыққа тез жеткізуге асыққан жоқ. Керісінше қыж-қыж қайнаған тіршіліктің ортасында жүрген тілшілер бір сәтке аялдап, бір жыл бойы атқарған еңбектерінің еленгенін сезініп, көпшіліктен құттықтаулар қабылдады. Кеше салтанатты кеште облыс әкімі Оңдасын Оразалин және қалабасы Асхат Шахаров қалам ұстаған 40-тан астам БАҚ өкілін кәсіби мейрамымен құттықтады. Жаңалық жаршыларына "Алғыс хатпен" қатар бағалы және ақшалай сыйлықтар табысталды. Мерекеге арналған басқосу "Өнер орталығында" өтті. Жиынға жергілікті ақпарат құралдарының басшылары, журналистер мен облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және қалабасы Асхат Шахаров қатысты. Салтанатты шарада облыс басшысы Оңдасын Оразалин тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішіндегі өңіріміздегі жақсы өзгерістерге тоқталды.
Салтанатты шарада республикалық "КТК" телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Жаңалық Ахаш та бой көрсетті. Тілші кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін тақты. 7- арнаның облыстағы меншікті тілшісі Эльмира Ержанова өз әріптестерін төл мерекесімен құттықтады. Ол ақпарат айдынында 15 жылдан астам қызмет етіп келеді. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де құрметті. Осылайша кеше ақтөбелік 40-тан астам БАҚ өкілдері төл мерекелерінде түрлі марапаттарға ие болды.
Количество показов: 677
Дата создания: 29.06.2021 20:13:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>