Облыс бюджетінен жазғы демалысты ұйымдастыруға 117 млн теңге бөлінді
Биыл оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға облыс бюджетінен 117 млн теңге бөлінді. Былтыр бұл мақсатқа 104 млн теңге қаражат жұмсалған болатын. Барлығы 198 мың 531 бала тегін қамтылады жолдамамен. Басты тізімде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы жасөспірімдері мен ата - анасыз балалар. Лагерьге жолдама алу үшін ата - аналары мектеп директорына жазбаша өтініш білдіруі керек. Маусымның үшінен бастап жеткіншектер қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Сондай - ақ қазынадан бөлінген қаржыға мектепішілік лагерьлер жұмыс жасайды. Таңғы тоғыздан күндізгі бірге дейін. Бір мезгіл осы тізімге жазылғандарды тамақтандыру жоспарда. Әр лагерь маусымы 3-5 кезеңге дейін. Сондай - ақ барлық мектептерде балалар алаңы жұмыс жасайды. Облыстық білім басқармасының жетекші маманы Ләззат Ырсалинаның айтуынша, демалыстың бұл түріне қатысатындарды тамақтандыру қарастырылмаған. Жаз бойы балалар мен жасөспірімдерге арналған орталықтарда үйірмелердің басым бөлігі тегін болуы тиіс. Өңірімізде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру көрсеткіші республикалық көрсеткіштен асып тұр. Оқушылардың 81 пайызы қамтылады. |
Количество показов: 2544
Дата создания: 22.05.2013 18:33:06