Облыс бойынша бүгінге дейін 2736 адам коронавирус жұқтырған
Облыс бойынша бүгінге дейін 2736 адам коронавирус жұқтырған. 1172 тұрғын емделіп шықты. Ал өңірде пневмонияға шалдыққан 1600 науқас стационарларда емделіп жатыр. Оның 1218-і қалада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманованың айтуынша, індет жұқтырғандар өткен аптамен салыстырғанда аз. Жедел-жәрдем шақыртқандар бес есе азайған. Пневмониядан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі бар. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу патологоанатомдардың нұсқауымен жүзеге асады. Ресми дерек бойынша, аймақта бір ғана медициналық қызметкер коронавирус індетінен көз жұмған. Қалған 14 қызметкер пневмониядан қайтыс болған. Қазір провизорлық стационарларда екі мыңнан аса медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Айта кетейік, арнайы қаулы қабылданып, тыйым салынса да карантин кезінде суға шомылушылар қатары азаймай тұр. Санитарлық талаптарды орындамаған және белгіленбеген жерде суға түскен оннан астам тұрғынға ескертулер жасалған.
Количество показов: 742
Дата создания: 20.07.2020 19:30:46