Облысқа коронавирусқа қарсы вакцинаның кезекті партиясы жеткізілді
"Спутник- V" вакцинасының екінші дозасын қабылдаған Рахат Ержанов ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек, екпе алудың еш зияны жоқ, дейді. Отбасымызбен вакцина алып жатырмыз, бірақ бәріміз де өзімізде жақсы сезіндік деген Рахат ресейлік вакцинаны таңдауы үшін де біраз уақыт жұмсаған екен. Ғаламтордағы мәліметтерді сараптап, емханада дәрігерлерден арнайы кеңес алыпты. Сондықтан ол екпе қабылдамас бұрын адам денсаулығында кінарат бар- жоғын әбден анықтап,тексеріп барып, шешім қабылдаған жөн деп есептейді. Қаладағы №6- шы емханада алдын ала құрылған жоспар бойынша тұрғындар күнделікті келіп, вакцина алып жатыр. Дәрігерлер бастапқыда емханаға келушілер түрлі сұрақтар қойып, тұрғындар арасында сенімсіздік болған дейді.Емханада 18 мың адамға вакцина егу жоспарланған. Қазір 5200 адам қытайлық "Hayat" пен ресейлік "Спутник- V" вакциналарын қабылдаған. Қытайлық вакцина емханаға мамыр айының басында жеткізілген. Тұрғындар вакциналар арасынан таңдау жасай алады. Әзірге емханада вакцина алғандар арасында шағымданушылар болмаған. Ал кейбір адамдарда екпе алғаннан кейінгі үш күн ішінде дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тоңу, қалтырау сияқты сиптомдар болса, ол қалыпты құбылыс дейді дәрігерлер. Дегенмен, екпе алған адам жағдайының нашарлағанын сезінсе, міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.
Количество показов: 579
Дата создания: 19.05.2021 19:04:32