Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен 117 отбасы баспаналы болды
Аумағы 80 шаршы метрді құрайтын құрайтын әр үй автономды жылытуға арналған санитарлық тораптар мен қазандықтарды қоса алғанда, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жаңа баспананың кілтін алғандардың көпшілігі туыстарымен уақытша тұрған және пәтер жалдап келген. Су тасқынынан Зардап шеккендерге көмектескен Болат Өтемұратов қорының компаниялар тобы. Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде шамамен 12,5млрд теңге бөлді. оның 10 млрд теңгеден астамын қайырымдылық қоры берді. Таяу күндері қор тағы 30 үйдің кілтін табыстамақ. Бұл Ақтөбе облысында 400-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаны толығымен аяқтауға мүмкіндік береді. Қордан бөлек «Кар-Тел» және RG Gold компаниялары әрқайсысы 1 млрд теңгеден үлес қосты. Бұған дейін өңір тұрғындарына Ақтөбе қаласынан 106 пәтер және облыстың түрлі аудандарынан 162 үй берілген еді.Количество показов: 285
Дата создания: 03.09.2024 09:23:08