Қоқыс жәшігінен шу шықты
Қоқыс жәшіктерінің орны өзгерді. Тұрғындардан маза кетті. 12-ықшам аудандағы №17-ші үйдің қыз-келіншектері қоқыс алаңын белгілеген комиссия шешіміне наразы. Бұрынғы орында құрылыстың басталып кетуіне орай, 9 бірдей қоқыс жәшігіне №17-ші үйдің дәл артынан жаңа орын белгіленген болатын. Жәшіктер орналасатын орынға кірпіштерден қабырға да тұрғызылып қойған. Тұрғындар болса, көнбей отыр. Бұл қоршау күні кеше ғана пайда болған. Жаңа қоқыс алаңы. Алаңға орналастырылуы тиіс 9 бірдей қоқыс жәшігі қазір жолдың жиегінде күл-қоқысқа лық толып тұр. Жәшіктерді жаңа алаңға көшіруге мына тұрған қыз-келіншек үзілді-кесілді қарсы. Ал қоқыс жәшіктерінің бұған дейінгі орнында қазір құрылыс жүріп жатыр. Құрылыс алаңы қоршауға алынған. Қоқыс жәшігінің орнын ауыстыру кезінде тұрғындардың пікірі есепке алынбаған. Қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі басшылығы болса, арнайы комиссияның шешімі өзгертілмейді дейді. Қоқыс алаңын қалалық СЭҚБ, "Ақбұлақ", "Трансэнерго", газ шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшылығы бірігіп, талапқа сай етіп белгілеген. Қоқыс алаңы көше бойында. Егер 12-ықшам аудан тұрғындарының тілегі тыңдалар болса бұл жер қоқыс алаңы емес, аялдама орналасуы тиіс орын. Айта кеткен жөн қоғамдық көліктер ерсілі-қарсылы қатынап жатқанымен Мәншүк Мәметова көшесінің осы бөлігінде аялдама қарастырылмаған. |
Количество показов: 2277
Дата создания: 26.08.2013 18:28:37