Оқушылар төбелесіп, ауруханаға түсті
Футбол ойыны жанжалға ұласты. Қарғалы селолық округіне қарасты №53 орта мектеп оқушысы жақ сүйегі жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Футбол жарысының қызу өткені сонша жасөспірімдердің өзара жанжалына әкеп соқты. №53 Қарғалы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары ойыннан соң мектепті сырт айналып, бәсекелерін жұдырықпен шешпек болған. Дүрдараздықтан тек бір ғана оқушы зардап шеккен. Қазір ол облыстық балалар клиникасында. Жақ сүйегін әзер қозғайды. Жарақат бөлімінің меңгерушісі Әділбек Омаровтың айтуынша, әзірше жасөспірімге жартылай сұйық ас ішуге болады. Ал оқушылар арасындағы келеңсіздік туралы мектеп әкімшілігіне ішкі істер департаменті өкілдері хабарлаған. Мектеп басшысы Жәния Романова оқушылар мен олардың ата - аналарын шақырып жиналыс өткізген. Кінәсін мойындаған жасөспірім аталған мектепте өз білімін жалғастыруда. Ал зардап шеккен баланың ата - анасы әлі кешірім берген жоқ. Құқық қорғау органдарына арызданбаған. |
Количество показов: 1966
Дата создания: 24.09.2013 19:15:54