Оқушылар көлік жүргізушілеріне үндеу тастады
"Балаларды жол-көлік оқиғасынан сақтаңыз!". Бүгін балалар үлкендерге осылай үндеу тастады. Жол полициясы басқармасы акцияға №21 мектеп-гимназиясының жас инспекторларын жұмылдырды. Оқушылар өздерінің ұсыныстары жазылған парақшаларды көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге таратты. Жол сақшылары мұндай шараның жол-көлік апатын азайтуға көмектесетініне сенімді. "Менің көруім бойынша, сіздер бағдаршам жоқ жерде, жаяу жүргіншіге мән бермейсіздер. Мектеп айналасындағы белгілер де кей жағдайларда ескерусіз қалады. Оқушылар жолдан өте алмай тұрады. Осыны ескерсеңіздер екен, үлкендер!" делінген бүгін көлік тізгініндегілерге таратылған парақшада. Жоғарыда айтылған жолдардың авторлары- №21 мектеп-гимназияның оқушылары. Жол ережесін сақтамағандарға балалардың жанайқайы түрткі болар деген оймен ұйымдастырылған шара- бұл.
Жас инспекторлар бүгін парақша таратып қана қойған жоқ, бастауыш сынып оқушыларын жетектеп, жаяу жүргінші жолынан өту ережесін көрсетті. Жыл басынан бері облыс аумағында жол-көлік апатынан 26 бала түрлі дене жарақатын алған. Шараға қаладағы барлық орта білім беру ұйымдары жұмылдырылатын болады.
|
Количество показов: 2633
Дата создания: 29.04.2013 18:58:01