Оқушы қыздың өліміне күдіктілер тұтқынға алынды
14 жастағы мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс облыстық прокуратураның тергеуінде. Прокуратура тергеу аяқталмайынша бүгінге дейін белгілі болған қандай да бір мәліметті құпияда сақтауда. Бүгін өткен брифингте журналистердің көп сұрағы жауапсыз қалды. Ақтөбеліктер арасында жасөспірім қыздың өліміне қатысты түрлі қауесеттер тарап кетті. Нұсқалардың бірі екіншісінен қорқынышты. Ал облыстық ІІД мен прокуратура олардың ешқайсысын я растап, я жоққа шығармайды. Бүгін облыстық прокуратурада өткен кезекті брифингте жасалған мәлімдеме соған дәлел. Қыз баланың киім-кешегі мен жеке заттары қаланың әр бөлігінен табылған. Қылмыскерлер осылайша полицияны алжастырғысы келген болса керек. Ал Гүлдира Сәкенованың сөмкеге салынған мүрдесі Тургенев көшесіндегі үйлердің ауласына қалдырылған. Қыздың басына полиэтилен қалта кигізілген. Бірақ, оны немен буындырып өлтіргендігі нақтыланбай тұр. Күдіктілер сот санкциясымен тұтқынға алынды. Оларға қатысты "кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша алтыдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. |
Количество показов: 1920
Дата создания: 17.10.2013 18:59:38