Оқушы қыздардың төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Темір ауданында оқушы қыздар төбелесті. 20- қыркүйек күні болған жанжалға аталған ауданның үш бірдей ауылының 8,9,10-шы сынып оқушылары қатысқан. 10 оқушы қыз бірнеше минут бойы өзара ымыраға келе алмай бір-бірімен төбелескен. Қыздарға араша болмаққа келгендер төбелесті телефондарындағы камераға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Бейнеролик әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты тексеру бастады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнероликте бір қыз бір қыздың басын тізесімен басып, қолын қайырып жатыр. Аузында былапыт сөз. Жерден тұрғызып алып, шашынан тартқылап жүр. Топ болып жиналып қалған қыздардың арасында біреулері ашуға мінген құрбысын сабырға шақырып әлек. Ал әлімжеттік көрсетуші қыз бала басына орамал тағып, үстіне ұзын көйлек киген. Алайда мына жасаған ісінің иманшылыққа еш қатысы жоқ. Кейін ол таяқ жегізген қыздан және оның ата-анасынан кешірім сұраған.
Оқушы қыздардың төбелесі 20-шы қыркүйек күні күндіз болған. Жанжалға 10 қыз бала қатысқан. Оқушылар арасында апалы-сіңілілер де бар. Қыздар ортақ чатта ұрысып бастаған. Бір-бірімен сөзге келген оқушы қыздар сыртта кездесіп, соңы төбелеске ұласқан. Төбелесіп жүрген Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл ауылының жоғары сынып оқушылары. Оқиғаға қатысты полиция тергеп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін. Оқушылар арасындағы жаппай төбелеске облыстық білім беру басқармасы толыққанды тексеру жұмыстарын бастаған. Үш мектептің директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілеріне тәртіптік жаза қолданылды. Ал әлеуметтік желіге тарап кеткен бейнеролик өшіріледі.
Количество показов: 804
Дата создания: 22.09.2020 18:32:06
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>