Оқу құралдары арзан бағамен сатылды
Республикалық "Мектепке жол" акциясы Ақтөбеде одан әрі жалғасуда. Бүгін бір топ кәсіпкер "Астана" сауда үйінің жанында оқушылар үшін арнайы жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеде оқу құралдары мен киім-кешектер қолжетімді бағамен саудаланып жатыр. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша мұндағы сатылымға шығарылған тауар құны базар бағасынан 7-12 пайызға төмен. Сондай-ақ "Меценат" қоғамдық қоры ата-ана қамқорлығынан айрылған 10 балаға қолдау көрсетіп, олардың әрқайсысына 15 мың теңге көлеміндегі қаржыға киім-кешектер алып берген. |
Количество показов: 3195
Дата создания: 21.08.2012 19:05:55