Оңтүстік Корея мен Ақтөбе медициналық университеттері келісімге қол қойды
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті бүгін Оңтүстік Корея меймандарын қарсы алды. Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжат бойынша тараптар денсаулық сақтау саласына қажет білікті дәрігерлер даярлаумен шектелмейді. Оңтүстік Корея мамандарының өз көздегені бар. Оңтүстік Кореяның Аджу университетінің өкілдері ең алдымен оқу орнына тиесілі мұражайды аралап көрді. Болашақ дәрігерлерді даярлайтын жоғары оқу орынының тарихымен егжей-тегжейлі танысты. Шетелдіктер еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің тарихи бұрышқа ілінген суретін жазбай таныды. Мұражайдың естелік кітапшасына өз қолтаңбаларын қалдырды. Медицина университеті соңғы бес жылда алыс шет елдердегі оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Жас ғалымдар Литва, Польша, Венгрияда ғылыми тағлым алды. Олар өз тәжірибелерін өңір медицинасында пайдаланып жүр. Қоғамдық денсаулық сақтау, урология және гастроэнтерология салалары бойынша алты маман өз біліктіліктерін шыңдап келді. Шет елде білім алғандардың дені - "Болашақ" бағдарламасы бойынша аттанған. Бүгін қол қойылған екіжақты меморандумның нақты мерзімі жоқ. Екі ел ғалымдары ғылыми байланыстарын дамыта түспек. Тараптар медициналық қызметтің сапасын жоғарылатуға мүдделі. |
Количество показов: 2619
Дата создания: 21.10.2013 18:38:07