Оңтүстік- Батыс ауданының тұрғындары "Автопарк" ЖШС басшысымен кездесті
Бүгін Оңтүстік- Батыс ауданының тұрғындары "Автопарк" ЖШС алдына жиналды. Жолаушы тасымалымен айналусышы мекеме басшылығынан №20-шы бағытты автобустың санын арттыруды сұрайды. Іргесі күн сайын кеңейіп жатқан аудан халқына 1 түйір автобус қызмет көрсетіп жүргенін бұған дейін де хабарладық. Шыдамдары таусылған тұрғындар мәсе шешілмей тынышталмақ емес. Наразы халықты мекеме басшысынің өзі қабылдады. Ақарыс Тілеулесовтің сөзінше, қалада қоғамдық көлік саны жеткілікті. Оңтүстік-Батыс ауданына 4 автобус бөлуді жоспарлап қойған. Әйтсе де "Автопарк" серіктестігінің тұрағында 60 автобус қаңтарылып тұр. Кейбірі істен шыққан. Кейбіріне жүргізуші жоқ. Былтыр сатып алған 20 жаңа автобусты жолаушы тасымалымен айналысушы кәсіпорын жолға шығара алмай отыр. Себебі ақшасы әлі өтелмеген. Серіктестіктің директоры мемлекеттен субсидия бөлінсе, бар мәселе шешілер еді, дейді.
Оңтүстік- Батыс ауданының тұрғыны Ерғұлан Бүркітов қазір балалары үшін шабылып жүр. Жастар не оқуға, не жұмысқа қатынай алмай қиналуда."Автопарк" басшылығы мәселені шеше алмаса, Оңтүстік-Батыс ауданы тұрғындары олардың бәсекелестеріне жүгінбекші. Қалалық жолаушылар автокөлік кәсіпорнына тиесілі №52-ші автобус Оңтүстік- Батыс ауданы маңымен жүреді. Тұрғындар оның ауыл ішімен жүруін өтініп көрмек.
Количество показов: 618
Дата создания: 18.05.2021 18:39:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>