Оңтүстік-Батыс-1 ауданында жаңа мектеп ашылды
Бүгін қаламыздың "Оңтүстік-Батыс-1" ауданында тағы бір білім ошағы іске қосылды. 600 оқушыға арналған мектептің құрылысына республикалық қазынадан 836 млн. теңге қаржы жұмсалған. Жаңа оқу ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те қатысты. 3 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 9 мың шаршы метр. Заманауи үлгіде салынған білім ордасында 180 орындық асхана, 360 орынды мәжіліс залы мен кітапхана, шеберхана кабинеттері бар. Сондай-ақ мектептің ауласында жылыжай кешендері мен спорт алаңдары орналасқан. Нысан құрылысын мердігер компания "ЭлитҚұрылысСервис-Ақтөбе" ЖШС жүзеге асырды. Ақтөбеде үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы да 3 мектеп іске қосылмақ. Жаңа білім ошақтары Құрашасай, 12 мөлтек ауданы, Заречный-4 елді мекендерінде бой көтеретін болады. Сондай-ақ болашақта қаламыздың "Нұр Ақтөбе", Жаңақоныс, Өрлеу аылдарында оқу ордаларын салу жоспарда бар. Қала мектептерінде қазіргі таңда 8 мыңға жуық орын жетіспейді. Сондай-ақ Ақтөбеде 3 ауысымда оқып жатқан оқушылар әлі де жеткілікті. |
Количество показов: 2250
Дата создания: 20.02.2013 19:24:51