Қоғамдық көліктерде 7- сәуірден бастап элоктрондық төлем жүйесі енгізіледі
Автобустарда қолма-қол төлем тоқтатылатын күн жақын. Қаладағы қоғамдық көліктерде 7 сәуірден бастап элоктрондық төлем жүйесі енгізіледі. Енді қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 150 теңге. Ал көлік карталарымен 80 теңгені құрайтын болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде қалабасы Асхат Шахаров мәлімдеді. 7 сәуірден бастап жоба "Смарт Автобус Ақтөбе" серіктестігінің көмегімен толық іске қосылады.Төлемдерді қабылдауға арналған стационарлық және мобильді терминалдар қаланың 250 автобусына орнатылды. Заманауи жүйеде жолаушылар көлік картасымен смс, QR код, смартфонды қолдана отырып жол жүру ақысын төлей алады. Көлік карталарының 4 түрі бар. "Стандартты", "Оқушы", "Әлеуметтік" және "Жеңілдік" картасы. Тарифтік карталар түс жағынан ерекшелінеді. Сондай-ақ тұрғындар "Жеңілдік" және "Әлеуметтік" карталарын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен тегін ала алады. Ал мектеп карталары бала оқитын оқу орындарынан беріледі.
Барлық тұрғындар үшін көлік карталары жеткілікті. Көлік карталарын беру нүктелері де көбейтіледі. Тек төлем карталарын 1 жарым ай ішінде алып үлгеру қажет.
Количество показов: 685
Дата создания: 31.03.2021 19:26:50
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>