Облыста коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында құрылған мобильді топтар жұмысын күшейтті. 37 жедел топ мүшелері күні-түні жоспардан тыс та тексерулер жүргізуде. Алдағы күндері облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне келген хаттар бойынша қоғамдық көліктерде бетперде тағу мен өндіріс орындарында дене қызуын өлшемей қызметкерлерді жұмысқа жіберу мәселелері қадағаланатын болады. Наурыз айынан бері 166 ақтөбелікке бетперде тақпағаны үшін айыппұл салынған. Айыппұл құны- 30 АЕК көлемінде. Олардың барлығы ғимарат ішінде, әрі көпшілік жиналған жерлерде бетперде тақпағандар. Үлкен кәсіпорындарда жұмыс уақытында маска кимей жүрген жұмысшылары да кездеседі. Тұмаудың алдын алу үшін өңірде бетперде кию мәселесі күшейтілмек. Мобильді топ мүшелері жақын күндері автобустарды қайта тексеруге шығады.
Санитар- эпидемиолог мамандар тұрғындарға әлеуметтік ара қашықтық сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Ара қашықтық сақтау тәртібін назарға алмаған демалыс орындары да бар. 18 кәсіп қожайынына шара қолданылған. Сондай-ақ, өткен 8 айда карантиндік шектеуге қарамай отбасылық басқосулар жасаған 29 мейрамхана иесіне 8 млн 278 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Мобильді топ мүшелері наурыз айынан бері 675 заңсыздықты анықтаған. Салынған айыппұл көлемі 86 млн 562 мың теңгеге жетті.
Количество показов: 773
Дата создания: 16.10.2020 19:23:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>